«Маңғыстау жұлдыздары» марапаттау

Бүгін аудан әкімі Т.Көшмағанбетов аудан өнерпаздарын марапаттады.

Жас таланттардың жұлдызын жаққан облыстық дәстүрлі өнер фестивалі екі жыл сайын өткізіліп келеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында XII облыстық “Маңғыстау жұлдыздары” өнер фестивалінде аудан өнерпаздары Бас жүлде иеленген болатын.
Аудан әкімі жеңіс тұғырынан көрінген аудан өнерпаздарын, “Өрлеу” МКҚК ұжымын, аудандық балалар Өнер мектебі ұжымын, халықтық ұжымдар мен жекелеген өнерпаздарды марапаттап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, аудан әкімі Т.Көшмағанбетов аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Marzhan Dulanova Еділбайқызына, “Өрлеу” кәсіпорны басшысы Ақылбек Тасқараға, балалар өнер мектебінің директоры Қуатбаева Жанат Бүркітбайқызына ерекше ризашылығын білдірді.

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған