Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз атта Облыстық ХІІ “Маңғыстау жұлдыздары” өнер фестивалі өз мәресіне жетті. Байқауға облыс бойынша 2000 – нан аса өнерпаз қатысты. Солардың ішінен Маңғыстау ауданы 13 номинация бойынша орындарға иеленді. Айта кетсек “Халық аспаптық оркестрі” номинациясы бойынша “Ұлт аспаптар оркестрі” жүлделі 1 – орын, “Домбырашылар ансамблі” номинациясында “Өрен” домбырашылар ансамблі 2 – орын, Балалар өнер мектебінің ұстаздарынан құрылған “Классикалық музыка” номинация бойынша “Гүлдерайым” вокалды ансамблі 2 – орын, “Халықтық хор ұжымы” номинациясы бойынша 3 – орын иеленді. Сонымен қатар “Бейнелеу өнері” номинациясы бойынша Айгерім Мұратбаева алғыспен марапатталды.
#Qazaqstan30
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#ҚББҰ
#УМЦДОМангистау
#RUMSDOMONRK
#Маңғыстауаудандықбілімбөлімі
#Маңғыстауауданыныңәкімдігі
#Маңғыстауаудандықүйлестіруорталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған