Қош,бол Ұстаз

Қош, аяулы Ұстаз!

2021 жылдың 13 желтоқсаны күні 70 жасында ардақты да, аяулы ұстазымыз Мұқашқызы Айымхан апайымыз қайтпас сапарға аттанды.
Саналы ғұмырының 45 жылын ауданның өміріне, мәдениеті мен білім беру саласына арнаған аяулы апайымыз бір күнде арамыздан кете барды.
Алланың ісіне шара барма?
Айымхан Мұқашқызы 1974 жылы Аудандық балалар өнер мектебінің алғашқы кірпішін өз қолымен қалап, 37 жыл сол мектептің басшылық қызметін атқарып, 8 жыл ұстаздық қызмет атқарып, ауданның мәдениеті мен өнері саласында ойып өз орнын қалдырған бірегей тұлға. Сонымен бірге аудандық совет депутаты, аудандық халықтық бақылау тобының штаттан тыс инспекторы болып халық игілігіне қызмет етті. Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, түлектері мен апайдан тәлім-тәрбие алған мұғалімдер қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызметтерде жүр.
Айымхан апайдың үлкенді де, кішіні де бауырында тартып қамқорлайтыны, сыйласқан жанмен берік сырласа алатыны, талап қоюмен қатар мейірімділігі мен әдемі әзілмен кез келген жанмен тіл табысып кете беретіні көз алдымызда. Апайдың өз қолымен ашып, тоқырау заманында да жабылудан аман алып қалған музыка мектебі қазіргі таңда үлкен өнер ордасына айналып отыр. Апайдың ісін жалғастырушылары барда, бұл мектептен әлі талай тұлғалар шығары анық.
Аяулы ана, ардақты ұстаз, сіздің асыл бейнеңіз мәңгілік жадымызда сақталады.
ҚОШ, АЯУЛЫ ҰСТАЗ!
#Qazaqstan30
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#ҚББҰ
#УМЦДОМангистау
#RUMSDOMONRK
#Маңғыстауаудандықбілімбөлімі
#Маңғыстауауданыныңәкімдігі
#Маңғыстауаудандықүйлестіруорталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған